Маусымда Қазақстанда мемлекеттік мереке жоқ. Қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндерін ғана санағанда 8 күн демалыс көреді, деп хабарлайды zakon.kz.
Сонымен, 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 күндері демалыс болады.
Демалыс берілмейтін жай мерекелік күндер бар: 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні, 5 маусым – Эколог күні, 7 маусым – монополияға қарсы күрес органы қызметкерлерінің күні, 23 маусымда Полиция күні атап өтілмек.
Маусымның екінші жексенбісі – жеңіл өнеркәсіп жұмысшыларының күні.
Айдың үшінші жексенбісі – медициналық қызметкерлер күні.
28 маусымда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні атап өтіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<