Медиация апталығы аясындағы келелі кездесу

536

0

Бүгін Достық үйінде Медиация апталығы аясында Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Дәурен Шәріпбаев өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров және мекеме қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде өңірімізде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге байланысты мүдделі уәкілетті тұлғаларды жанжалдардың деңгейін төмендету, халық арасындағы толеранттылық пен этносаралық келісім мәдениеті, кәмелетке толмаған қыз балаларды алып қашу, жас отбасылардың ажырасуы, ерте жүктілік, әйел құқы сынды өзекті мәселелер қозғалды.

Медиация апталығы аясындағы келелі кездесу

Кездесу модераторы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Даулет Омаров медиация апталығы аясында атқарылған шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Дәурен Шәріпбаев айтуынша кәмелет жасқа толмаған қыз балаларды алып қашу мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды дейді. Себебі бұл проблема бірнеше адамды бақытсыздыққа, болашақ өміріне балта шабады. Бүгінгі күні статистикалық мәліметке сәйкес дүниежүзінде 12 миллион қыз бала кәмелетке толмай тұрып, некеге отырады. Ажырасудың басты себебі де осы, ерте тұрмыс құру дейді.

Ал «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Наталья Мишукова «Мұндай проблемалардың белең алып отырғанынын басты себебі – қыз балаға дұрыс тәрбиенің берілмеуі. Қазірде тәрбиесіздердің көп болуы балаларымыздың ата-анасына емес ғаламтор мен теледидарға жақын болуынан болса керек. Кейбір әке-шеше нәпақа табу үшін үй бетін көрмесе, кейбір ата-аналардың өздері теледидар мен ғаламторға тәуелді болып отыр. Ал ұлы ержетіп, қызы бойжеткен кезде олардың теріс қылықтарын көріп, ойбай сала бастайды. Ол кезде, әрине, кеш болады. Біріншіден ата-ананың заң жүзінде жауапкершілігін арттыру керек, екіншіден арнайы психолог мамандарының кеңесі берілетін «Сенім телефондарын» іске қосу қажет, – деді.

Кездесу соңында ұтымды пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<