МЕКТЕП ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАЛАЛАР АУЫЛЫНА БАРДЫ

574

0

МЕКТЕП  ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАЛАЛАР АУЫЛЫНА БАРДЫ Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мұстафа Шоқай» шаңырағының оқушылары мен мектептің бір топ ұстаздары «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында қаламыздағы «Атамекен» отбасылық үлгісіндегі балалар ауылына барды.
Мектептегі «Қоғамға қызмет» әлеуметтікжобасының жетекшілері ұйымдастырып жүрген қайырымдылық шаралары бұған дейін әр түрлі мекемелерде жүйелі түрде өткізіліп жүр.  
Бұл жолы барған «Атамекен» отбасылық үлгісіндегі балалар ауылындағы шара ерекше әсерлі болды. Танысу активитиінен соң балалар үйіне барған барша мұғалімдер мен қосымша білім беру педагогтері өздері жетекшілік ететін үйірме мен пәндер бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.   Зияткерлік мектептің мұғалімі МЕКТЕП  ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАЛАЛАР АУЫЛЫНА БАРДЫЖарасбек Өтебаев ән-күй сабағының сырларымен бөлісіп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне хормен ән шырқатса, Нариман Сариев бейнелеу өнер пәні бойынша ақ қағазға әсем суреттің қалай салынатынын көрсетті. Ағаш ою өнеріне де қызығушылық танытқан оқушылар Жанұзақ Темірбеков сабағына қатысып өз қолдарымен ерекше бұйымдар әзірлеуге мүмкіндік алды. Жас жеткіншектердің бір сәт сергіп, көңілдерін көтеру үшін мектептің хореографтары да оқушылармен көңілді шаралар ұйымдастырды. Бір ізді тәртіппен өтетін күнге кішігірім ерекшелік енген бүгінгі күнде балалар ән шырқап, би билеп, түрлі өнердің тарауларына үңілді.
Шара соңында «Атамекен» ауылының балалары мен тәрбиешілер өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Және де осындай шаралардың жиі ұйымдастырлуы туа сала тағдырдан таршылық көрген, қам көңіл балалар үшін өте маңызды екенін тілге тиек етті.

Нұржан Бисенбаев
Педагог-ұйымдастырушы-кураторМЕКТЕП  ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАЛАЛАР АУЫЛЫНА БАРДЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<