Мектепте қысқа юбка киіп, әшекей тағуға тыйым салынуы мүмкін

652

0

Мектепте қысқа юбка киіп, әшекей тағуға тыйым салынуы мүмкін Қазақстандық оқушы қыздарға мектепте қысқа юбка киіп, кеудесін ашып жүруге, сондай-ақ, әшекей бұйым тағуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Мұндай мәлімдемені ҚР Қоғамдық даму министрінің орынбасары Берік Арын жасады. Оның сөзінше, көптеген ата-аналар оқушы қыздардың ашық-шашық жүретініне қатысты наразылық білдіріп, шағым айтқан. Бұл шағымдар бүгінде Білім және ғылым министрлігіне жетіп отыр. Сондықтан министрлік аталған мәселені мықтап қолға алмақ.

«Мектепте діни киім киюге тыйым салса да, денеге жабысып тұратын қысқа юбкаға ешкім мән бермейтініне қатысты көптеген сын-ескертпелер айтылды. Осыған байланысты біздің министрлік Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жолдады. Қазір олар тиісті түзетулер енгізуді жоспарлап отыр», – деп атап өтті қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын.  

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<