Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет мүлкін жекешелендіру үрдісі бірнеше кезеңнен өтті. Қазір ол өзінің ең шешуші кезеңіне қадам басты. Сонымен мемлекет мүлкін бақылаудың, оны тиімді пайдаланудың бүгінгі жай-күйі қалай? Газет тілшісінің сауалдарына Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Серікжан Қалиев жауап береді.
– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрықтарымен бекітілген іс-шаралар Жоспарына сәйкес департаментке Қаржы министрлігі бөлімшелерінің теңгеріміндегі ғимараттар мен жайларды жер учаскелерімен бірге алыс-берісті жүзеге асыру тапсырылған болатын, – деді біздің сауалымызға орай Серікжан Ыдырысұлы. – Бұл жұмыстар Қызылорда департаментімен толықтай аяқталды. Жалпы сомасы шамамен 500,0 млн теңге болатын 19 әкімшілік ғимарат және 15 көмекші нысан қабылданды.
Сонымен қатар Қаржы министрлігі бөлімшелерінің теңгеріміндегі жалпы сомасы шамамен 45,0 млн болатын 18 автокөлік құрал-жабдықтарының алыс-берісі жүзеге асырылды. Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгеріміне қабылданған барлық жылжымайтын мүліктер мен автокөлік құрал-жабдықтары сәйкесінше тіркеу органдарына тіркелді.
Ғимараттар мен автокөлік құрал-жабдықтарын ұстап тұруға және қызмет көрсету үшін департамент 108 штаттан тыс жұмыскерді қабылдады.
Сонымен бірге, «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Қазынашылық және мемлекеттік кіріс департаменттерінің аумақтық бөлімшелерін оңтайлы орналастыру қарастырылды. Қазынашылық және мемлекеттік кіріс департаменттерімен бірігіп департамент басшыларымен қол қойылған қазынашылық және мемлекеттік кіріс департаменттерінің аудандық бөлімшелерінің қызметкерлерін кезең-кезеңімен жаңа орындарға орналастыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында қазынашылық және мемлекеттік кіріс департаменттерінің аумақтық бөлімшелерін оңтайлы орналастыру жұмыстары аяқталды.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында департамент Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік ғимаратының келбетіне 986,0 мың теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және 1779,0 мың теңгеге түнгі жарықтандыруды монтаждау жұмыстарын жүргізді.
Әкімшілік ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолайлы жағдай жасау және кедергісіз жүріп тұру үшін облыс орталығында және аудандарда пандустар мен тактильді плиткалар орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Аталған жұмыстарға 2 409,0 мың теңге жұмсалды.
«Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын жүзеге асыру шеңбері кезеңінде Қазынашылық департаментінің аумақтық бөлімшелерінің және Жалағаш аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының 6 автокөлік құрал-жабдықтарына ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Жылу маусымында мемлекеттік кірістер және қазынашылық департаменттерінің аумақтық бөлімшелерін дизельді отынмен уақытылы қамтамасыз ету үшін жекелеген негіздер бойынша (конфискат) республикалық меншік құрамына берілген 5 410,2 мың теңге болатын 49693 литр дизельді отын департамент теңгеріміне алынды. Сонымен бірге, департамент мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру жөніндегі жұмыстарды да атқарды.
Департамент республикалық мемлекеттік ұйымдардың активтерін теңгерімнен теңгерімге беруді жүзеге асырды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірігіп, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің алып отырған алаңдарына түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс бойынша барлығы 99 аумақтық бөлімшелерге түгендеу жұмыстарын жүргізу жатқызылған болатын. Жоспарлаған мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің барлығына түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Түгендеу жұмыстары барысында 2,0 мың шаршы метр артық немесе пайдаланылмай тұрған алаңдар Арал, Сырдария, Жалағаш аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларында, Қызылорда облысы әділет департаментінде, Қармақшы аудандық әділет басқармасында, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінде анықталды.
Қазіргі уақытта департамент анықталған артық алаңдарға басқа мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру немесе коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Департаментте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің республикалық бөлімшелері бойынша «Мүлікті жалға беру келісім-шарттарының Тізілімін» қамтамасыз ету бағдарламасы белсенді жұмыс атқаруда. Бұл код сәйкестігі бойынша аймағы мен ұйымның атауын анықтай отырып теңгерім ұстаушыны іздеуге, оның ұйымдастыру-құқықтық формасын және статусын белгілеуге, сонымен қатар республикалық меншіктегі мүліктерді жалға беруден бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпараттар алуға мүмкіндік береді.Бұл бағдарлама жалға алушыларды бюджетке аудару үшін қажетті төлемдер туралы ақпараттар алуды автоматты түрде хабардар етіп отыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, мемлекеттік меншікті сауда-саттыққа шығару жүйесі автоматтандырылды. Қазіргі уақытта департамент тек электрондық сауданы жүзеге асырады. Комиссияның шешімі негізінде сатушы объектіні сату туралы «электрондық аукционға» сату мерзімін, сату объектісінің атауын көрсете отырып ақпарат береді. «Электронды мәліметте» сату объектісінің фотосуреттері мен құқықтық құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері, бағалау туралы есебімен қоса объектінің нақты бағасы туралы ақпараттарды қамтиды. Әрі қарайғы жұмыстар барлығы компьютермен орындалады. Бұл веб-портал арқылы аукционға қатысу қағаз түріндегі құжаттарды куәландырудан құтылуды қамтамасыз ету үшін қажет. Сол үшін мемлекеттік тізілім веб-порталы көптеген мемлекеттік ақпараттық деректер базасымен біріктірілген.
Бізде Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы, «АЕО» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен, сонымен қатар БАҚ өкілдерін тартумен семинар-кеңестер өткізіп, мемлекеттік мүлікті тиімді пайдаланудың жай-жапсары әрдайым түсіндіріліп отырылады.
Дайындаған
Ж.ӘЛМАХАН.
Ж.ӘЛМАХАН.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<