Қызылорда қаласында «Мемлекет қорғауындағы отбасы мен балалық шақ: отбасы институтын нығайтудағы және бала құқығын қорғаудағы әйелдердің рөлі» тақырыбында кең көлемді шара өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға ҚХП Қызылорда облыстық филиалының әйелдер қанаты белсенді түрде атсалысты.
Іс-шара қоғамда отбасының рөлін күшейтуге және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталды. Сонымен қатар зорлық-зомбылық фактілерін болдырмау, зорлық-зомбылық жасауға бейім тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізу, полиция мен тұрғындар арасындағы сенімді нығайту негізгі міндеттер ретінде айқындалды.
Шара «Жібек жолы» сауда орталығында өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға ҚХП Қызылорда облыстық филиалы әйелдер қанатының төрайымы, Қызылорда қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы, Отбасын қолдау орталығы, қалалық прокуратура өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар орталығы мен студенттер жұмылдырылды.
Қала тұрғындары үшін салааралық жеке қабылдау ұйымдастырылып, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Іс-шара барысында Қорқыт қобызшылары сазды ансамблі концерттік бағдарлама ұсынды, студенттер әсерлі флэшмоб биледі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жадынама парақшалары таратылып, ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Шара қоғамда отбасылық құндылықтарды сақтауға, балалардың құқығын қорғауға және мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы байланыс пен сенімді нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде бағаланды.





