Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы

624

0

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде алатын орын үлкен. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады.

Оның ішінде, «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін атқарушылық іс-әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органы көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін қойылатын талаптар тиісті ережелерде көзделген. (Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығы АҚЖ орналастырылған)

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібінде тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші аумақтық Әділет органдарының интернет-ресурсында жариялайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны –электрондық, осыған орай жеке тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

 Қағиданың 3-ші қосымшасына сәйкес «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішпен және құжаттардыкөрсетілетін қызметті берушіге, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына(бұдан әрі-мемлекеттік корпорациясы) және  «электронды үкімет» www.egov.kz веб – порталы арқылы жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, атқарушылық құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

З.Ержанова,

Қызылорда облысы әділет департаментінің бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<