Мемлекеттік қызметшілер қай уақыттан бастап жұмысқа смартфонмен кіре алады?

281

0

Мемлекеттік қызметшілер қай уақыттан бастап жұмысқа смартфонмен кіре алады? ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметте смартфон ұстауға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мемлекеттік қызметте смартфон ұстаудың жолын таптық. Соның арқасында мемлекеттік қызметшілер жұмысқа смартфонмен кіре алады. Осыған байланысты арнайы пилоттық жобаны өткіздік. Бәрі сәтті болған сияқты. Биыл осы мәселені шешетін шығармыз», – деді Д.Абаев журналистерге берген сұxбатында. 

Министрдің айтуынша, пилоттық жоба ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде қолға алынды. Соның аясында он шақты қызметкер жұмысқа смартфонмен кіріп жүр.

«Енді бұл мәселенің процедуралары көп. Қазір тестілеу режимі өтті. Бәлкім, алдағы уақытта министрліктің қызметкерлерін толығымен қамтитын шығармыз. Осыдан кейін барлық мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста смартфон ұстауға рұқсат беруге болады», – деп атап көрсетті Д.Абаев.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Сол жерде Дәурен Абаев цифрлық телеxабарларға қосылатын облыстарды атады. Спутниктік қабылдағыштар ауыл тұрғындарына тегін беріледі. Ал Қазақстанның телеxабарлары Ресейге тарала бастады. Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ақпараттық теxнологияларды дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, ол анықтамаларды барынша қысқартуды тапсырды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<