Мереке күндері санитарлық талаптар сақталуы қажет

1053

0

Мереке күндері облыс бойынша құрылған 167 жұмысшы топ карантин талаптарының сақталуын бақылайтын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.


Аймағымызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты.


– «COVID-19» бүгінгі күнге дейін бірнеше рет мутацияланды, түрлі штамдары пайда болды. Жүйелі түрде жүргізілетін толық геномды секвенирлеудің нәтижесі бүгінгі күні айналымда «дельта» штамының басым екендігін көрсетіп отыр және елімізде «омикрон» штамы анықталған жоқ. Карантиндік шаралардың кезең-кезеңімен жеңілдетілгеніне қарамастан әлі де бірқатар шектеулердің бар екендігін ұмытпаған жөн. Мереке күндері облыс бойынша құрылған 167 жұмысшы топ карантин талаптарының сақталуын бақылайтын болады. Сондықтан түсіністік танытып, талапты жауапкершілікпен орындауды сұраймыз, – деді Әлия Мүтәліпқызы.


Мереке күндері тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуы, дайын өнімдердің дұрыс сақталмауы, тағамдарды дайындау процесінде жеке гигиена қағидаларының орындалмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдері улануға әкеп соғады. Сондықтан мамандар сақ болуды ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<