Мерекелік шара өтті

351

0

Мерекелік шара өтті Қалалық партия филиалының мәжіліс залында Шәріп Әбдірахманов 8 наурыз «Халықаралық аналар күні» мерекесіне орай аумағымыздың көпбалалы аналарын мерекемен құттықтады.
Өздеріңіз білетіндей, наурыз айы шуақты мерекелерге толы. Айдың басы Алғыс айтумен басталып, Партия күніне ұласты. Биыл «Нұр Отан» партиясына 20 жыл толды. Осы 20 жыл ішінде партия алуан асулар мен биік белестерді бағындырды.
Ш.Әкбарұлы сөзін Астана қаласында Елбасы басқаруымен өткен партияның XVIII съезінде айтылған керемет жаңалықтармен бөлісуден бастады. Съездегі көтерілген әлеуметтік сұрақтарға толы мәселелерді, олардың шешілу жолдары мен Елбасы тапсырған нақты жоспарларды айтты. Мерекелік шара өтті 
Сондай-ақ, шұғылалы көктемнің мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен көпбалалы аналарды құттықтап, дендеріне саулық, жанұяларына береке-бірлік тіледі. Шараға қатысқан аналар ризашылықтарын білдіріп, естелік суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<