МЕЙІРІМГЕ БӨЛЕНГЕН БАЛА ӨЗІНЕ СЕНІМДІ БОЛАДЫ

686

0

Ата-анасы көбіне бала бо­­йын­­­д­ағы қор­қыныш пен үрейге «бала­­ның өзінің ойлап тап­қаны» деп жеңіл қарай­ды және оған сон­ша­лықты мән бермейді.

Сәби төрт айынан бастап айна­ла­сындағы адамдардың қасына жа­қын­­дағанын, не алыс­тағанын сезіп біле алады. Жеті айынан бас­тап ана­сының қамқорлығын, жасаған күті­мін сезінеді, иісін, алақанын таниды. Кейде ол жалғыз қалғанда мазасызданып, бойын қор­қыныш билейді. Қасында анасы болған кезде бала қорықпайды.

Әдетте балалар түннің бір уа­ғында шошып оянып, жылайтыны жиі кездеседі. Бұл – күндізгі қор­қы­ныштардың салдары. Қорқы­ныш­­ты фильм­дер мен суреттер, оқиға, отбасындағы ырың-жырың, ұрыс-керіс мұның бәрі бала психика­сына әсер етіп, түнде түсіне кіреді. Мұндай жағдайда балаға қалай көмектесуге болады? Негізі бала түсі мен өңін ­ажырата алмайды. Сондықтан, әлгі түсінде көрген қор­қыныштар жалғасатындай болып көрінеді, мазасызданып жылайды.

Егер баланың шошып оянуы қайталана берсе, ұйық­тар алдында қорқынышты ертегі айтылмауын, сондай сурет­тер мен фильмдер көрмеуін қадағалаңыз. Оның орнына баяу, ырғақты ән салып беріңіз, көңілді әңгіме, міндетті түрде жақсымен аяқталатын ертегілер айтыңыз. Түнде шошып ояну барлық балаға тән. Дегенмен, ол сау балада сирек кездеседі. Егер баланың шошынуы жиілесе, оны дәрігерге көрсету керек.

Ең бастысы, түнгі, күндізгі ұйқы қанық болу қажет.

Баланың жатын бөлмесі ұйық­тауға жайлы, ауасы таза болсын. Өте жұмсақ кереуетке  ұйықтайтын  бол­са, омыртқалары қисайып  ­өсе­­­ді. Ұйықтар алдында тамаққа ­той­­­­­ды­рушы болмаңыз. Бұл да өз кезе­­­гінде ұйқының бұзы­луына әкеп соға­­­ды. Жатар алдында екі сағат бұ­рын тамақтандырыңыз. Барлық бала сурет салғанды ұнатады. Тіпті бір-екі жасқа дейін қаламға жармасып, қағаз шимайлайды. Үш жаста ғана бала суретті түсініп салады.

Бұл да баланың ой-қабілетінің дамып жат­қанын біл­діреді.

Қорқыныш сезімін болдырмау және алдын алу үшін отбасында жағымды ахуал тудырып, театрға, ­парк­ке, аттракциондарға барып, қала сыртына ­демалып, күй­зелістен ары­луға, жақсы көңіл-күй ­тудыратын орын­дарда бірге болуға кеңес бере­міз.

Басыңызға қандай қиындық түс­се де, баланың алдында сыр бермеу­ге тырысыңыз. Ата-анасының үнемі көңілсіз, ұнжырғасының түсіп жүр­генін байқау балаға теріс әсер етеді. Сондықтан үйде жүргенде бел­сенді, көңіл­ді, өзіңізге сенімді болып жү­ріңіз, сонда ғана жақсы қасиет­терді балаңыздың бойынан көре аласыз.

Қорқақтығы үшін балаларды еш­қашан бас­қаларымен салыстырып, кемшілігін бетіне бас­паңыз. Бәріне махаб­батыңызды бірдей бө­ліңіз.

Өзгелермен қалай тіл табысу, араласу керектігін өзіңіз үйретіңіз. Әрқашан балаға күліп қараңыз, үлкендердің жылы шырайына, мейі­ріміне бөленіп өскен бала өзіне сенімді болады. Балаңызды еңбекке баулыңыз, ол ортамен араласуына, тіл табысуына мүмкіндік береді.

 

Нұргүл РАХИМОВА,  

Қызылорда қаласындағы 

«Сәулет» жеке балабақшасының 

педагог-психологы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<