Мозамбикте су тасқынынан 500 мыңнан астам адам зардап шекті

5

0

Фото: БЕЛТА

Мозамбикте жарты миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шекті. Ел астанасы Мапуту су астында қалып, тұрғын үйлер мен ауруханалар қирады, деп хабарлайды БЕЛТА.

Инкомати өзені арнасынан асып, тасқынға ұласып, Мапуту провинциясындағы Африка елінің оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын тас жолда көлік қозғалысын тоқтатты. Қазіргі уақытта Мапутудан басқа қалаларға көлікпен жету мүмкін емес. Құтқарушылар су шайып кеткен көпірлер мен өткелдердің жағдайын тексеріп жатыр.

Соңғы күндері Газа провинциясында жүздеген адам су басқан өзендердің астында қалды. Олар қайық және тікұшақтармен эвакуацияланып жатыр. Бірқатар қалада ауыз су беру тоқтады. Боана мен Шокведе ауыз сумен қамтамасыз ету толығымен өшірілсе, Мапуто мен Матолада 30% қысқарды. Жергілікті әуе компаниясы жолаушылар мен маңызды жүктерді тасымалдау үшін Мапутудан Газа провинциясына арнайы рейстердің ашылғанын хабарлады. Елдегі күрделі жағдайға байланысты президент Даниэл Шапу Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумға сапарын тоқтатты.

Күзде жаңбырлы маусым басталғалы бері Мозамбикте су тасқынынан 103 адам қаза тауып, 170 мыңға жуық адам зардап шекті.