Әлеуметтік желіде дастарханға шығып, аяқпен нанды басқан жігіттердің видеосы тарап, көпшіліктің ашуын тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кадрдан жігіттердің дастархан басын таптап, нан мен бауырсақ салып жатқанын, осы әрекетке қонақтардың күлгенін, сондай-ақ пакет таратып жүрген әйел адамды байқауға болады.
Мұны көрген желі оқырмандары «еркек деген атқа сын», «масқара», «жігіттер ұсақталып барады», «наннан үлкен емессіңдер», «әбден тойынып біткендер», «күлетін емес, жылайтын дүние» деген пікірлерін қалдырды.
Facebook қолданушыларының жазуынша, бұл жағдай Қырғызстанда болған. Олар қалыңдықтың үйінде қыз ұзату тойы болып жатқанын, дастархан басында отырғандар күйеу жігіттің достары екенін жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<