Өз келбетіне ғашық болып, тамсанудан жалықпаған Нарцисс туралы аңыз бүгінде халық арасында кеңінен танымал. Тіпті, нарциссизм деп аталатын жаңа термин қалыптасты. Қоғам арасында өзін-өзі жақсы көру, эгоизм мен өзін-өзі бағалау, шектен тыс өзіне махаббат ұғымы арасында өзара түсінспеушілік пайда болып жатқаны жалған емес. Бірнеше жыл бойына психологтар мен бұқаралық ақпарат құралдары нарциссизмді шектен тыс өзін-өзі бағалау деп түсіндірді. Дегенмен, психосарапшыларды бақылаудың нәтижесі бұған күмән келтіре бастады. Нарциссизмнің мәні өзін-өзі бағалаудан әлдеқайда өзгеше екенін аңғара бастады: шығу тегі, даму ырғағы мен қорытындысы әртүрлі.
Өз-өзін бағалау деңгейі артқан сәтте, нарциссизмнің әлеміне еніп кетпейміз бе?
Психологияда нарциссизмнің бастапқы, кемелдендірілген, патологиялық түрлері кездеседі. Бастапқы нарциссизм – баланың өзіндік бағасы, пайдалы өзін-өзі бағалау жүйесінің негізі. Бұл нарциссизм типі бала туа салып дамиды. Бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынасын жетілдіреді. Бастапқы нарциссизм 2- жасқа дейін пайда болып, 6-7 жаста қалыптасады. Патологиялқ нарциссизмнің даму қауіптілігі осы бастапқы кезеңде пайда болады. Кейінгі кезең баланың жасөспірім шағында іске асады. Ата-ана мен мұғалімдердің назары бұл уақытта бала психологиясына әсер етеді. Патологиялық нарциссизм кезінде адам өзінің құндылығын, өз бағасын көтеру үшін тер төгуі керек болады: ылғи адамдардан өзін мақтайтын сөздерді талап етеді немесе қажеттілігі туындайды. 6-7 жасында бала өзіне баға бере бастайды. Ол өзгенің бағалау жүйесі арқылы іске асады: «мен ерекшемін», «менің жолым болмайды» немесе «мен лайықтымын». Егер баланың даму барысында ата-ана балаға оның қандай екенін саналы түрде жеткізсе, ол үшін айналасындағылардың пікірі маңызын жоғалтады. Ал, саналы қалыптаспаған психологиялық бағалау балаға қажетті деңгейде дұрыс еместігін ұқтырады да, нарциссизмнің дамуын жетілдіреді. Тәрбиелеу стилі балаға қатты әсер етеді:баланың нарциссизмі ата-ана нарциссизмнен пайда болады. Ата-ана баласының жетістігін асыра сітеп мақтайтын болса, баланың мұндай емес екенідігін біле тұра, жасанды әрі жалған жолмен мақтаса, бұл баланың өзін-өзі бағалау жүйесін шектен тыс дамытады. Бұндай ата-аналар балалары өзгелерден ерекшелену үшін ерекше есімдер береді. Ал, өзін-өзі жақы көрудің сапалы түрі ата-ананың жылуы арқылы іске асады. Олар балаларымен өздерінің сенімдерімен, сыйластықтарымен, махаббаттарымен бөліседі. Сонымен қатар, нарциссизм мен өзін-өзі саналы бағалаудың динамикасын байқауға болады: өзін-өзі бағалау жасөспірім шақта төмен болып, есейе келе артса, нациссизм керісінше.
Массагет.кз
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<