Науқастарды өз денсаулығына бақылау жасауға үйретеді

328

0

Науқастарды өз денсаулығына бақылау жасауға үйретеді 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында көптеген шаралар қабылданды. Солардың бірі «Ауруларды басқару» бағдарламасының қолға алынуы. Оның мақсаты – клиникалық асқынулар мен аурудың өршуінің алдын алу, мүгедектіктің алдын алу, төмендету үшін бағдарланған модель құру арқылы науқастарға денсаулықтарын басқаруға үйрету.
Қазіргі кезде әлемде ерте өлімнің негізгі себебінің бірі  – созылмалы инфекциялық емес жүрек-қан тамыр аурулары болып тұр. Оларға артериялық қан қысымы, инфаркт, инсульт, атеросклероз, қатерлі ісік, қант диабеті, тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары жатады.
2017-2018 жылдары елімізде «Ауруларды басқару» бағдарламасына 3 түрлі созылмалы инфекциялық емес сырқат егізілсе, биыл олардың қатарына тағы екі түрлі ауру қосылды. Бұл бағдарлама бойынша емдеу, алдын алу мекемелерінде «Денсаулық мектептері» ашылып, терапевт, кардиолог, эндокринолог, невропатолог, психолог секілді бірқатар мамандар созылмалы аурудың алдын алу бойынша жұмыс істеуде.
Денсаулық мектебінде мамандар науқастарға өзін-өзі бақылап отыруға, қажет кезінде өзіне –өзі көмек көрсетуге үйретеді. Мәселен, қант диабетімен ауыратын адам қандағы қант мөлшерін өздігінен қадағалапп, көтерілген кезінде инсулинді өзіне инъекциялау әдісін, дұрыс тамақтануды, жалпы өзін күтуді үйренеді.  Осылайша бұл бағдарлама созылмалы инфекциялық емес ауруы бар науқастардың емделуге бейімділігін арттырады.

Ағжан ЖАНДАРБЕКОВА,
№6 қалалық емхананың СӨСҚ маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<