Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаментінің басшысы А.Мұхимов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Тленов «Protecting business and investments» жобасын аймағымызда тиімді жүзеге асыру мақсатында Шиелі ауданында болып, бірқатар өндіріс орындарын аралады.
Аймақтағы ірі инвестициялық жобалардың бірі, «Гежуба Шиелі цемент компаниясы» ЖШС-нің құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 миллион тонна тампонажды цемент өндіретін зауыт құрылысымен танысты.
Сондай-ақ, департамент басшылары Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде, аудан экономикасына елеулі үлес қосып отырған бірден бір кәсіпорын, пластикалық құбырлар шығаратын «Кемикал Н» ЖШС-нің өндіріс орнында болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<