Некесіз жасалған жыныстық қатынас

7355

0

Отбасы мемлекетті құраушы фактор екені белгілі. Кемеңгер бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Халқымыз «ақ неке», «адал неке», «адал жар» деген ұғымдармен отбасының, некенің қасиеттілігін ардақтап келеді. Отбасы шағын мемлекет болғандықтан қоғамда отбасын құру, оны сақтау мәселесі өзектілігін ешқашан жоймақ емес.

Ислам дініміздің негізгі мақсаты – адамды екі дүние бақытына қол жеткізу. Ислам діні адам баласының бақытты болуы үшін қажетті алғышарттар мен сауапты амалдардың орындалуын бұйырып, күнәға жетелейтін амалдардан тыйған. Тыйым салынған үлкен күнәнің бірі – зина . Зина – некесіз жасалған жыныстық қатынас. Шариғатымыздағы үлкен күнәлардың бірі. Бұл күнәнің өзге күнәлардан айырмашылығы, ол екі жақтың қатысуымен іске асады.

Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Зинаға жоламаңдар! Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол» («Исра» сүресі, 32-аят). Аяттың мағынасына мән берсек, бұл жерде Алла Тағала «зина жасамаңдар» деп тұрған жоқ, «зинаға жақындамаңдар» деу арқылы арсыз үлкен күнәні жасау былай тұрсын, оған жақындамауды, тіпті оған апаратын кез келген әрекеттен бойды аулақ ұстауды бұйырып тұр. Некесіз жақым қарым-қатынасқа түсу, жасырын түсік жасату, нәрестені дүниеге әкеп оны бірден далаға қоқыс жәшігіне және т.б тастап кету жетімдер үйне тастап кетулері елімізде «зина» күнәсінің кеңінен етек алғанына бірден бір дәлел. Зинаға жолама деуінің бір себебі, жолаған жағдайда адам баласы өзінің нәпсісіне еріп, оны жасап қоятыны біліп айтылған. Өкінішке орай, қазіргі таңда жастарымыз дәл осы жағдайға тап болып жатқандай.

Статистикалық мәліметтерге сай 9 айында Қызылорда облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы» санаты бойынша есептік кезеңде 56 талап-арыз түсіп, оның ішінде 43 шешім шығарылып 41 талап-арыз қаңағаттандырылған. Іс бойынша мысал келтірер болсам: талап қоюшы А және жауапкер Б 2018 жылдың қаңтар айынан бастап қыз бен жігіт болып араласып, 2 айдаң соң некесіз жақын қарым-қатынасқа түсіп талап қоюшы А есімді бойжеткен жүкті болып қалған.Жауапкер Б өз кезегінде, талап қоюшы А-ға балаға аборт жасатуын, қазіргі таңда әке болуға дайын емес екенін айтып ұялы телефон нөмірін өзгертіп хабарсыз кеткен. Талап қоюшы мен жауапкердің жақын қарым-қатынас салдарынан 2019 жылы 4 қыркүйекте ұл бала дүние есігін ашады. Алайда, туу туралы куәлігінің әкесі деген графа жазбасында мәліметтер еңгізілмеген яғни әкелігі анықталмаған. Сот, азаматтық істі қарау барысында әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы азаматтық ісі бойынша сот-молекулярлы-генетикалық

сараптама тағайындаған.Тағайындалған күні мен уақытында талап қоюшы, жауапкерден және нәрестеден поликлиниканың зертханасында медицина қызметкерлері қаң үлгілерін алып, ертеңгі күні Алматы қаласының сот сараптамалар орталығына алынған қан үлгілері экспертке жолданды. 4 тамыз 2021 жылғы Қызылорда облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен талап қоюшы А-ның талап- арызы қаңағаттандырылып, 4 қыркүйек 2019 жылғы туылған сәбидің әкелігі анықталып, жауапкер Б-ның оның барлық айлық табысының және өзге кірісінің үштен бір бөлігі мөлшерінде асырап-бағу үшін талап қоюшы А-ның пайдасына ай сайын алимент өндірілген. Сонымен қатар, жауапкерден 183 340(бір жүз сексен үш мың үш жүз қырық) теңге сот сараптама жүргізу үшін жұмсалған сот шығыны талап қоюшы А-ның пайдасына өндірілген. Ұлы данагөйіміз Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңіндегі

«Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!

Әйел жақсы болмайды көркіменен

Мінезіне көз жетпей көңіл берме!»

Қорыта айтқанда, Отанды құрайтын отбасы құндылықтарының бұзылуына жол бермеу еліне жанашыр әрбір азаматтың міндетіне айналуы тиіс деп ойлаимын.

Дәурен Тайыров

Қызылорда облысы кәмелетке

толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының

бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<