Облыс әкімі шыны зауытына қатысты эксклюзивті сұхбат берді

862

0

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі фейсбук парақшасынан

Ел көптен күткен Қызылордадағы шыны зауытына қатысты облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Бетпе-бет» хабарында эклюзивті сұхбат берген. 197 мың тонна өнім шығаруға қабілетті зауыт қазан айынан бастап алғашқы өнім шығарған.

Президенттің қолдауы негізінде өнеркәсіп саласының дамуына серпін беретін ірі жобалардың бірі шыны зауыты аясында 42 млрд. теңге инвестиция тартылған.

«Бүгінде 17 мың тонна шыны Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жөнелтілді, алдағы уақытта өнімді Өзбекстанға экспорттау жоспарлануда. Биылғы жылы шамамен 30 мың тоннаға жуық шыны шығару жоспарлануда.

Облыс әкімі шыны зауытына қатысты эксклюзивті сұхбат берді

Зауыт жанынан инвестиция көлемі 100 млрд теңгеге жуық

8 ілеспе кәсіпорын құру жоспарлануда. Оның үшеуі – шыны талшықтар мен композитті материалдар, айна және жұқа шыны шығару жобалары бойынша жобалау жұмыстары басталды», – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, шыны зауытының екінші кезеңі ретінде «Чайна Гласс» қытай компаниясы ультражұқа шыны шығару зауытына инвестор болуға ниет білдіруде. Бұл жоба өңір үшін ерекше маңызды жобаның бірі болмақ. Жоба құны – 64 млрд теңге.

Шыны талшықтары мен композитті материалдар жобасы «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» серіктестігінің бастамасымен жүзеге асырылады. Жоба құны – 1,5 млрд теңге. Ал, құны 4,5 млрд теңгені құрайтын «Айна шығару» жобасының бастамашысы «Арал Кварц» серіктестігі.

Атап өту қажет, бұл екі жобаға мемлекеттік қолдау шарасы ретінде зауытты орналастыру үшін жер телімдері берілген.

Зауыт маңынан автомобиль айналары, шыны кәдесыйлар, шыны мақтасы, шыны ыдыстар өндірілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<