Облыс имамдарының кезекті алқалы жиыны

342

0

Облыс имамдарының кезекті алқалы жиыны Кеше ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде облыс имамдарының кезекті алқалы жиыны өтті.
Жиында өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы ҚМДб төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмаларымен таныстырып, басты мәселелерге тоқталды.
Күн тәртібінде қаралған басты мәселелердің бірі – жаңа оқу жылына дайындық маусымында «Бір баланы киіндір», «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акцияларына облыстық имамдардың үлес қосуы, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы, жалғызбасты және қамқоршысынан айырылған аналарға барынша көмектесу.
Екінші мәселе, Қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстарын пысықтау болды. Осы орайда, ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі П.Шарапатова мереке алдында облыстағы қасапханалардың талаптарға сай жабдықталуы мен қасапшылардың оқыту семинарынан өтуін қадағалауды тапсырды.
Өкіл имам мұсылмандардың ұлы мерекесі Құрбан айт мейрамының облыс көлемінде жоғары деңгейде аталып өтуін, құрбан шалу рәсімінің шариғат талаптарына сай орындалуын, еттерінің мұқтаждарға толығымен таратылуын тапсырды.
Бұдан кейін, орталық мешіттің наиб имамы Е.Сьезбек аймақ мешіттерінің құжаттарын заңдастыру, тіркеу жұмыстары туралы пысықтап, аяқталмаған жұмыстардың бітіруін тапсырды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<