Облыста дәрі қоры жеткілікті

1260

0

Аймақта дәріхана ұйымдарында дезинфекциялық, бетперделік режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктердің болуы сынды талаптардың сақталуы бақылауда. Облыста дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізетін 500 объект фармацевтикалық қызметпен айналысады.

– Департамент тарапынан карантиндік шараларға байланысты, дәріхана ұйымдарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Көтерме және бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 44 халықаралық патенттелмеген атауының болуына, саны мен бағасына апта сайын мониторинг жасалады. Сондай-ақ, бүгінде дәріханаларда тұрғындардың дәрілік заттарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін екі айлық қоры бар, – деді Қызылорда облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<