Қызылорда облыстық сотында сот жүйесіндегі цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында семинар сабағы өтті. Іс-шараға облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, судьялар мен соттар әкімшілігі басшылығы, сот мамандары қатысты.
Семинардың мақсаты – жаңа ақпараттық технологиялар мен Жоғарғы Соттың ақпараттық сервистерін қолдану дағдыларын үйрету.
2018 жылдың 19 сәуір күні онлайн режим арқылы өткізілген «Виртуальды сот» тақырыбы бойынша кеңесте Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен қызметкерлер арасында цифрлық сауаттылық және сот жүйесінің сервистері туралы хабардар болу мәселесін қозғаған болатын.
Осы бағытта ағымдағы жылдың мамыр айының 29-31 аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының базасында 3 күндік курсқа қатысқан Қызылорда қалалық сотының судьясы Э.Ахметова, Соттар әкімшісінің ақпараттық технологияларды және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Олар семинар барысында цифрлық біліктілік, «Сот кабинеті» сервисі, сот органдарының сайты, аудио-бейне тіркеу жүйесі, «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік, «Цифрлық Қазақстан», «Е-сот», электрондық үкімет және электрондық қызмет түрлері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алдағы уақытта оқып-үйрену семинарлары аудандық және оған теңестірілген соттарда өткізілетін болады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<