Қымбатты достар!
Өмір – бізге бір-ақ рет берілетін баға жетпес құндылық. Әрбір уақытыңды құнды деп бағалап, арман мақсатыңның баспалдығына нық қадам баса біл!
Арманыңа жет, өз болашағыңды сенімді түрде құр! Денеңді шынықтыр, ой-санаңды таразыла. Лай суға қанып, мөлдір әрі тұнық тереңде жүземін деп санама.
Есірткі- уақытша ләззаттың шырмауығы. Есірткінің шоғын басып, өміріңді күлге айналдырма. Аз уақыттық қызыққа алдандырып, ертеңгі күніңді қараңғылыққа айналдырады. Ол арманды ұрлайды, отбасыны күйретеді, адамды өзіне құл етеді. Әрбір жастың жүрегінде үміт, күш, арман,мақсат бар. Есірткі сол жарықтың сәулесін өшіреді. Бір сәттік қызық үшін өміріңді құрбан етпе! Бір рет қана емес, мәңгілікке «жоқ» деу батылдықтың белгісі.
Таза сана, мықты денсаулық, жарқын болашақ – есірткісіз өмірдің жемісі.
Достарыңды да осы жолдан сақтап қалуға тырыс!
Бүгінгі таңдауың – ертеңгі тағдырың.
Өмірді таңда!
Өмірге «ИӘ», есірткіге «ЖОҚ» де!
Кәусар Жолдасбек,
№127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейі
10-сынып оқушысы,





