Арал қаласындағы «Республикалық маңызы бар №1 индустриялық аймақта» орналасқан «Берекет» шаруа қожалығының «Ет және ет өнімдерін өндіру» жобасының жанынан «Тұшпара шығару» цехы іске қосылды.
Заманауи техникалық және санитарлық талаптарға сәйкес келетін кәсіпорында күніне 50 қаптама дайын өнім өндіріліп, 3 жаңа жұмыс орындары құрылды. «Арал тұшпарасы» өз тұтынушыларын сапалы өніммен қуантуға дайын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<