Өрт кезіндегі алғашқы іс-әрекет

404

0

Өрт шыққан уақытта объект әкімшілігінің іс-әрекеті біріншіден қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен адамдарды қоныс аударуға бағытталуы керек. Өрт сөндіру қызметіне 101 телефоны арқылы дереу хабарлап, объектінің мекенжайын, өрт шыққан жерін, не жанып жатқанын және ғимараттағы адамдар саны туралы хабарланады.              

Адам өміріне қауіп әкелетін жағдайларда қолдағы бар күш пен құралдарды пайдаланып, құтқаруды ұйымдастырады. Қажетті жағдайда электр энергиясын сөндіруге, лифт жұмысын тоқтатуға, авариялық және басқа үй жайларында желдеткіш жүйесінің жұмысын, ғимараттың түтіндеуін, өрттің өрбуін тоқтатуға ықпал жасау керек.

Өрт болған уақытта терезе мен есіктерді ашуға болмайды. Өйткені бөлмеге кірген таза ауа өрттің тез жайылуына ықпал етеді. Объект басшысы өрт сөндірушілер келгенше қызметкерлерді қауіпті аймақтан шығарып, қауіпсіздік талаптарын сақтауы, бұған қоса өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қарсы алып, оларға ең қысқа жолды көрсетуі тиіс. 

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенде кәсіпорын басшысы өртті сөндіру басшысына ғимараттағы адамдардың саны, объектілердің конструктивтік және технологиялық ерекшеліктері, жақын орналасқан құрылыстар мен ғимараттар, объектілерде сақталатын және қолданатын қауіпті, жарылғыш, улы, радиоактивті материалдар, заттардың саны және өрт қауіпті белгілері туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға міндетті. Сондай-ақ, ол от-жалынды жоюға байланысты қажетті іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында объектінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастырады.

Нұрхан МЕДЕУОВ,

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

№4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы