Шымкентте алаяқтыққа қатысты айыпталған «Ордабасы» футбол командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эльдар Бақтығалиевтің соты аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бақтығалиев өткен жылы ОҚО әкімдігі атынан аудан әкімдері мен жеке құрылым басшыларынан миллиондаған қаржы жинап отырған. Ол аталмыш қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтынын айтып, шын мәнінде өз қажеттілігіне жаратқан.
Оның алаяқтық әрекеттерінен 12 адам 1,5 миллионға жуық теңгеден айырылыпты. Солардың ішіндегі аудан әкімдерінің бірі облыстық әкімдіктегі таныстары арқылы спортшының не мақсатпен ақша жинап жүрегін анықтап көрген.
Сотта Бақтығалиев өзінің кінәсін толық мойындады. Кей жәбірленушілерге қаржысын қайтарып, олардың кешірімін алған. Қалғандары әзірге ақшасын алатынына үміттеніп, күтіп отыр екен.
Осылайша, алаяқтық жасаған азамат сот төрелігімен үш жыл бойы жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейтін болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<