«Отбасын жоспарлау» тақырыбында шара өтті

134

0

Қызылорда облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы Отбасы күніне орай 10 күндік мерекелеу аясында «Отбасын жоспарлау» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың саналы түрде серік таңдауына, отбасын құруға және бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауына ықпал ету.

Отбасын қолдау орталығының мамандары некеге тұруды жоспарлап отырған ерлі-зайыптыларға арналған арнайы оқыту курстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларға құқықтық сауаттылық, зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік, қаржылық сауаттылық, эмоционалды интеллект, серіктестік пен жауапкершілік, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау тақырыптары бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Іс-шара барысында жас жұбайлардың неке қию рәсімі ұйымдастырылып, зейнеткерлерге арнайы куәліктер табысталды.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар отбасы құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға да ықпал етеді.