Қазақстандағы мектептерде қоштасу кеші 2018 жылдың 15 маусымында өтеді. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың блогында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«ҚР Білім және ғылым министрлігі 2017-2018 оқу жылының мектеп бітірушілеріне салтанатты түрде аттестат тапсыратын күнді 2018 жылдың 15 маусымына белгіледі. Шараның ұйымдастырылған тұрғы да өтуі үшін Астананың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі — Астана» бітіру кешінің тұжырымдамасы жасақталды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін оқу жылының аяқталу мерзімі мен мектептердегі соңғы емтихандардың уақыты белгіленгені хабарланған.
Сонымен, 9 (10) сынып оқушылары үшін қортынды емтихандар 28 мамыр мен 8 маусым аралығында өтеді. Ал, мемлекеттік емтихандар 29 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді. Сонымен қатар, 11 (12) сынып оқушылары үшін емтихандар 29 мамырдан 9 маусым аралығында өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<