Патронажды қызметтің әмбебап моделі

3287

0

Облысымызға  Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың денсаулық сақтау және медико-санитарлық қызмет өкілдері, халықаралық сарапшылар делегациясы келді. Ондағы мақсат – 

5 жасқа дейінгі балалары бар және аяғы ауыр әйелдерге патронажды қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін енгізу тәжірибесімен танысу.  Делегация құрамында Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры өкілі Юрий Оксамитный, аталған қордың тамақтану және денсаулық сақтау бағдарламасының  еліміздегі үйлестірушісі Қанат Суханбердиев, қор кеңесшісі Лариса Тихнова және басқалар бар. 

Жұмыс барысының алғашқы күні олар облыстық балалар ауруханасында өткен  семинарда болды. Семинарға сонымен бірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Жақсылықова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова қатысты. 

Отбасы денсаулығына тәуекел факторларын анықтау арқылы өмір сүру жағдайын, психо-әлеуметтік қызметін, денсаулығын жақсарту мақсатындағы модель 2016-2017 жылдары ҚР Ден­саулық сақтау министрлігі, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және облыс әкімдігінің бірлесуімен жүзеге асырылды. Инно­ва­циялық тәсілді пилоттық жобада енгізуге қалалық №№1, 6 емханалармен бірге Жаңақорған аудандық емханасы таңдап алынды. Биылғы жылдан бастап модель барлық елде ендірілуде. Ал, жоба аясында біздің облыстың барлық БМСК ұйымдарында 18 ресурстық орталық ашылды. Онда ата-аналардың баланы дұрыс тамақтандыруы және қосымша тамақ беруі бойынша практикалық дағдылар оқытылады. Әлеуметтік және медициналық қызметтердің тығыз ынтымақтастық қарым-қатынасы арқа­сында отбасына толыққанды көмек көрсетіледі.

Ю.Оксамитный балалар өлім-жіті­мінің, аурушаңдығының және  шала тууының  алдын алуда патронажды қыз­меттің маңыздылығы жөнінде айт­ты. Оның айтуынша, Қазақстанда соң­ғы 10 жылда балалар өлім-жітімінің көр­­сеткіші 1000 туылған нәрестеге шақ­қанда 18,8-ден 12,6-ға төмендеген. Соны­мен бірге, аталған модель патронажды мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерге балалар мен отбасы қа­жеттіліктерін нақты жоспарлауға мүм­кіндік беруде екен. Осының нәтижесінде бала мен отбасының әлеуметтік қажет­тіліктері дер кезінде шешілуде.

Семинарда сондай-ақ, патронажды қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін енгізу шеңберінде биылғы жылдың 10 айында оқу орталығы базасында 119 дәрігердің, 666 орта буын медицина қызметкерінің, 22 әлеуметтік қызметкер мен 23 психологтың оқы­тылғаны белгілі болды.

Семинарға қатысушылар ресурстық орталық жұмысымен және патронажды медбикелердің үздіксіз білім алу жүйесімен танысты.

Халықаралық сарапшылар делегациясы бес күндік жұмыс сапары барысында емханаларда болып, патронажды мейірбикелердің үздіксіз білім алу жүйесімен танысып, патронажды мейірбикелер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және медициналық ұйымдар жетекшілерімен жүздесіп, тәжірибе алмаспақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<