ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

953

0

«AMANAT» партиясы облыстық штабының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева Қармақшы аудандық білім бөлімінде педагог қызметкерлермен кездесті.

Өз сөзінде: «Референдум – Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді. Өйткені реформа отандық, құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді», – деп атап өтті. Сонымен қатар жиналған қауым тарапынан берілген сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында барша Қармақшы өңірінің ұстаздарын өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата Заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<