Педагогика және медицина мамандықтарына оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі

1169

0

Сурет: https://kaz.elorda.info/

Педагогика және медицина мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысы көтеріледі. Аталған өзгеріс туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттерге ай сайынғы шәкіртақы мына мөлшерде белгіленеді:

– даярлаудың педагогикалық бағыттарында және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда оқитын студенттерге – 41 898 теңге;

– педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– интерндерге – 75 890 теңге;

– магистранттарға – 97 024 теңге;

– «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге;

– докторанттарға – 217 500 тенге;

– даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;

– даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<