Жосалы кенті орталығында поэзия тарланы ақын – жазушы, ұлағатты ұстаз «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» Мұқанбетқали Шыңғысов атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов ашып, ұлағатты ұстаз, жауһар жырларымен елімізге танымал болған ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы сөз сөйлеп, жылы лебізін жеткізді.
Сонымен қатар сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасыҚаршыға Есдәулетов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев, ақынның баласы Бағлан Айдынәлиев естеліктер айтып, ыстық ықыласын білдірді.
Атпал азамат есімін ұлықтау шарасы одан әрі «Мәлике ана» салтанат сарайында жалғасты. Ақын ұрпақтары мен №85 орта мектеп көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен әдеби – монтажды кеш өтті. Кеште Шыңғысовтар әулеті ұрпақтары мен мектеп оқушылары ақынның шығармаларынан өлең оқыса, әншілер ақын сөзіне жазылған әндерді орындап, тыңдарман көзайымы атанды. Шара соңында атпал азаматтың рухына арнап ас берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<