Президент саябағы ерекше үлгіде сәулеттеніп келеді

76

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Аян Зейнуллин, сондай-ақ «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов және «Самұрық-Қазына Траст» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиеваға Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын таныстырды.

Саябақтың негізі 2007 жылы қа­лан­ған, аумағы 81,85 гектар. 2024 жылы қай­та жаңғырту қажеттілігі туындап, жо­баны Alem Qurylys AQ серіктестігі қолға алды.

Қайта жаңғырту жобасына тү­зе­тулер енгізіліп, 300 орындық ба­лалар лагері мен қысқы бақ сияқты әлеуметтік нысандар қосылды. Жо­ба бойынша бір­неше нысан мен қоғамдық кеңістіктер салу көзделген. Атап айтқанда, аллея, субұрқақ, амфи­театр, спорт, би, балалар ойын алаңдары, workout, демалыс аймақ­тары, фудкорт, теннис үстелдері, ай­нал­малы дөңгелек аттракцион, та­мақтану орындары, велосипед және жүгіру жо­лақтары, сахна, сарқырама каналдары мен олардың үстінен өтетін көпірлер, шах­­мат, баскетбол және футбол алаң­дары қарастырылған.

Ботаникалық бақ аумағында абат­тандыру және көгалдандыру жұ­мыс­та­ры жүргізілуде. Абаттанды­рылатын жал­пы аумақ 2,41 гектар, бақ ішіне Оң­түстік Африка, Оңтүстік және Ор­та­лық Америка, Қытай, Жапония, Ма­да­гас­карда өсетін жасыл желек отыр­ғызылады.

Балалар лагерінің құрылысына 6,02 гектар жер бөлінген, бұл аумақта әкім­­шілік ғимарат, іс-шараларға арнал­ған ивент-аймақ, 4 тұрғын кор­пус, қо­нақ­үй үлгісіндегі ша­ғын ғимарат, 5 дәстүр­лі киіз үй, ашық бас­сейн, ста­дион, футбол ала­ңы, сахна, өзге де де­малыс және техни­калық нысандар са­лу жоспарланған.

«Астана» ша­ғын ауданынан Пре­­зи­­дент саяба­ғы­на де­йінгі жаяу жүр­­­гіншілер көпі­рінің жо­ба-сме­талық құ­жат­тары әзірленуде. Онда шолу ала­ңы, жаяу жүргіншілер жолы мен ве­ло­жолдар, жапырақ піші­ніндегі 7 демалыс аймағы қарастырылған. Бұ­дан бөлек, инвестор қаражаты есебі­нен «Rixos» бес жұлдызды қонақ үйі салынуда. Қонақ­үйде 150 нөмір, мей­рамхана, саябақ ай­мағы және автотұрақ болады. Сондай-ақ қасында тоғыз қабатты 15 тұрғын үй бой көтеріп келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі