Пробация есебіндегі азамат сот залынан қамауға алынды

382

0

Фото: ашық дереккөз

Пробация есебіне алынған әрбір азаматты қоғамға бейімдеу мақсатында тәрбиелік жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. Соған қарамастан жаза өтеудің міндеттерін орындамай, пробация есебіне тіркеуге келмей, құқықбұзушылық жасап, түзеу мекемесіне қайта жіберілгендер де бар.

Солардың бірі Е. есімді азамат, 2022 жылы велосипед ұрлағаны үшін сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігімен 3 жыл 6 ай мерзімге шектеу жазасы тағайындалып, Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебіне алынған. Бұл азаматпен профилактикалық жұмыстар жүргізілгенімен еш нәтиже шығармай, тіркеуге келмей, бірнеше рет мекенжайында болмай әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Пробация қызмет тарапынан сотталған азаматқа қатысты іс –құжаттары жинақталып, сотқа ұсыныс жолданған. Түзелу жолына түспеген азаматты сот қаулысының негізінде сот залынан қамауға алынды. Бас бостандығын шетеу жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 7 ай 17 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<