Есепте тұрған азаматтар кітап көрмесіне қатысты

406

0

Есепте тұрған азаматтар кітап көрмесіне қатысты Бүгін Қармақшы аудандық орталық кітапхананың «Coworking» орталығында «Ел жүрегі-Нұрсұлтан», «Ұлы Даланың жеті қыры», «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында, «Қазақ әдебиетінің тұлғалары» және «Жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі өткізілді. Шараға Қармақшы аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Бүгінгі шараның мақсаты  пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін ұялата отырып, қылмыстық көзқарастарын өзгерту болып табылады.  Көрмеге қатысқан азаматтар өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани мекемеден  тамаша  әсер алып, кітапхана мамандарына алғыстарын жеткізді.
Жақсыбек Жүнісов,
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің бөлімше бастығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<