Қамбарбек Амангелдіұлы Мүбараков

624

0

Фото: Облыс әкімдігі

2025 жылдың 29 сәуірі күні 52 жас­тан асқан шағында белгілі қаржыгер-экономист, «Ерен еңбегі үшін» ме­далінің иегері, Жаңақорған және Шиелі аудандарының құрметті азаматы, Қы­зылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы Қам­барбек Мүбараков дүниеден озды.

Қамбарбек Амангелдіұлы 1973 жылы 2 наурызда Жаңақорған ауданы «Тү­гіскен» селосында дүниеге келген. 1990 жылы Жаңақорған ауданы «Өзгент» сов­хозында №224 орта мек­тепті бітірген. 1996 жылы Қызылорда Агро­өнеркәсіп өн­дірісі инженерлері институтының АӨК экономист-менеджер мамандығы бо­йынша, 2005 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң уни­верситетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990-1991 жыл­дар аралығында «Өзгент» сов­хо­зында қыр­манда слесарь болып бастаған. 1997 жылы қаңтар айынан мамыр айына дейін Қызылорда облысы бюджет бан­кінде инкассатор, 1997-2001 жыл­дар аралығында Қызылорда облысы бойынша салық коми­тетінде маман, бас маман, 2001-2002 жылдар аралы­ғында Қызылорда облысы Шиелі ауданы бойынша салық коми­тетінде төраға орынбасары, 2002-2004 жыл­дары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2004-2008 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық комитеті төрағасының орын­басары, 2008-2009 жылдары Шиелі ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, 2009-2011 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орын­басары болды.

Одан кейін 2011-2018 жылдар ара­лығында Қызылорда облысы тексеру комис­сиясының төрағасы, 2019-2020 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, 2020-2021 жылдар аралығында Шиелі ауданының әкімі, 2021-2022 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу инсти­тутының басқарма төрағасы, 2022-2023 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың 19 мамырынан бастап өмірінің соңына дейін облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы болды.

Қамбарбек Мүбараков қандай қызметте де адал еңбегімен абыройға кене­ліп, өңірдің салық, қаржы-экономика салаларының дамуына ерекше еңбек сіңірді.

Азаматтық ұстанымымен, іскер­лігімен, мол тәжірибесімен көпке үлгі бола білген ардақты азамат атқарған қызметіне сай мемлекеттік марапаттарға ие болды.

«Қазақстан Республикасының Тәуел­­­сіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мере­келік медалімен, «Үз­дік мем­лекеттік қыз­метші», «Қар­­жы қызметінің үздігі» төс­­бел­­гісімен, «Ерен еңбегі үшін» ме­да­лі­мен марапатталды. Сондай-ақ «Қы­зылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін», Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы ме­даль­дарын иеленді. Жаңа­қорған және Шиелі аудандарының құрметті азаматы.

Мемлекеттік қызметтің түрлі са­тысынан өткен тәжірибелі маман ре­тінде жас буынға ақылшы аға, от­ба­сына қадірлі әке, дос-жаранға сыйлы за­мандас, қызметтестерге абыройлы әріптес бола білген Қамбарбек Амангелдіұлының жарқын бейнесі көптің жадында ұзақ уақыт сақталады.

Қызылорда облысының әкімдігі,

 облыстық мәслихат,

«Amanat» партиясының облыстық филиалы,

облыстық Қоғамдық кеңес және облыстық Ардагерлер кеңесі

***

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға байланысты қаралы жиын 30 сәуір күні сағат 12:30-да, намазы 13:00-де Жаңақорған кенті, С.Сапарбеков көшесі №154 үйде өтеді.

***

Жеті күндік асы 5 мамыр күні сағат 13.00-де Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан  14, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің асханасында беріледі.

***

Қырық күндік асы 7 маусым күні сағат 13.00-де Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі №21 мекен-жайында «Дария» мейрамханасында беріледі.