Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан кейін қандай шектеу шаралары күшінде қалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«3 тамыздан кейін мына тыйым күшінде қалуы керек: жаппай жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге, көңіл көтеретін мекемелерге, кинотеатрлар мен фудкорттарға, банкет залдарының жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Мейрамханалар мен барлар, түнгі және ойын клубтары да әзірге жұмыс бастамайды. Мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысы жанданбайды. Конференциялар мен көрмелер, форумдар өткізілмейді. Спорт залдардың, фитнес-орталықтардың, бассейндер мен аквапарк пляждарының, діни нысандардың жұмысы басталмайды. Табиғи жолаушылар пойызы (жұмыс пойыздарын есептемегенде электричкалар) мен қала арасындағы автобустардың қозғалысы жанданбайды», – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Еске сала кетсек, бұған дейін 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмыс бастауына рұқсат берілетінін айтқан болатын. Оның айтуынша Қазақстанда КВИ жұқтыру жағдайы 29 пайызға азайған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<