Қарттарым-асыл қазынам!

518

0

Қазыналы қариялар мерекесі елімізде 1991 жылдың 1 қазанынан бері атап өтіледі. Осы орайда, №68 мекемесі қызметкерлерінің аналары «Офицердің анасы» төс белгісімен марапатталды.

Атап айтқанда, Арнайы есепке алу бөлімінің есеп технигі әділет аға сержанты Назерке Менбаеваның анасына арнайы мекеме басшысының атынан «Офицердің анасы» төс белгісі табысталып, гүл шоқтары беріліп, ізгі тілектер айтылды. Бүгінгі айтулы күн мен қатар келген туған күнде Назеркенің анасы үшін үлкен мәртебе бола білді. Сонымен қатар, кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Жаннұр Даулетиярованың анасына арнайы шенді төс белгісін табыстап, мекеме ұжымының атынан гүл ұсынылды. Келесі кезекте АКАӘПТЖБ-нің басшысы әділет капитаны Ерлан Романқұлов «қарттар күні» мерекесімен тұспа тұс келген анасының туған күніне тосын сый ретінде Шымкент қаласына арнайы барып, «офицердің анасы» атағымен құттықтап, төс белгісін табыстап, анасына деген махаббатын лебізді тілегімен жеткізді.

– Бүгінгі «Қарттар күні» мерекесі аясында келіп жеткен барлық асыл қазыналарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Даналығы мен нақыл сөздері мен әрбір ұрпағына өсиетті сөздер айтып қанаттандырып келеді. Мекемедегі әрбір қызметкерімнің анасы меніңде анам. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып өзімнің ұжымдастарымның беделін арттыру мақсатында аналарын аталған төс белгімен марапаттауды жөн санадым. Бұл біз үшін бақыт, қуаныш. Әрбір отбасыда осындай бақыт көбейе берсін. Қазыналы қарияларымыз аман болсын, – деп құттықтау тілегін білдірді №68 мекемесінің басшысы әділет майоры Қайырбек Ильясов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<