«ҚАРУ» жедел алдын алу іс шарасы өткізілуде

476

0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында 2023 жылдың 24-28 шілде аралығында «ҚАРУ» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесу мақсатында заңсыз айналымдағы қару-жарақпен, оның оқ-дәрілерін, жарылғыш заттарды және басқа да тыйым салынған заттарды анықтау.

Қаруларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаған, тасымалдаған азаматтарға Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген, ал оларды ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілктен босатылатыны жайында ескертеміз.

Қызылорда станциясындағы желелі полиция бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<