Қаржы саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

991

0

Фото: Сырдария ауданы

Бүгін Ұлттық валюта күніне орай аудан әкімі Берік Сәрменбаев қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, мерекемен құттықтады.

– 1993 жылы Ұлттық валюта – Теңгеміз айналымға енді. Содан бері қазақ елінің төл теңгесі отандық экономикамыздың өркендеуіне белсенді қызмет етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әркез ел экономикасын дамытуға аса мән беріп келеді. Сондықтан 15 қараша – Ұлттық валюта және қаржы қызметкерлері күні болып жыл сайын атап өтілуде. Кәсіби мереке – еліміздің экономикалық қуатын көтеріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында жемісті еңбек етіп жатқан Сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі деп білемін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік қабылдауда ауданның дамуына қызмет етіп жүрген сала ардагерлері мен қызметкерлері облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен», аудан әкімдігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қабылдау барысында сала ардагерлері Ұлтуған Ерімбетова, Күләйхан Мырзабайқызы және Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Сырдария аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Зағира Рахымшаева әріптестерін мерекемен құттықтап, алғыстарын жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<