Қазалыда 2 мектеп салынады

585

0

Қазалы ауданының білім беру саласында барлығы 91 білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Қазіргі таңда Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында кент пен қала ортасынан 600 орындық және Жанқожа батыр ауылынан 300 орындық мектеп бой көтермек.

Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қ.Пірімов ауылындағы №92 мектепті күрделі жөндеуге бюджеттен 231,4 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда қызу жұмыс жүріп жатыр. Нысанның құрылысын 25 тамызға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<