Қазалыда Ұлттық домбыра және Астана күніне орай мерекелік шара өтті

285

0

Фото: Қазалы ауданы

Қазалыда Ұлттық Домбыра және Астана күні мерекелеріне арналған «Астана-елімнің тірегі, Домбыра-ұлтымның жүрегі» атты мерекелік мәдени шара өтті.

Әйтеке би кентіндегі оқушылар үйінің алаңында өткен мерекелік шараны бір топ аудан өнерпаздары Құрманғазы Сағырбайұлының “Адай” және “Сарыарқа” күйімен ашты.

Мұнан соң аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет сахна төріне көтеріліп, барша аудан жұртшылығын елдігімізді айқындап, өткенімізді дәріптей түсетін қос бірдей мерекемен құттықтады.

  • Баршаңызды Астана күні және Ұлттық домбыра күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Астана күні – елдігімізді айғақтап, бірлігімізді бекемдей түсетін асқақ мереке болса, Домбыра күні – бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосатын ерекше мереке. Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін! Арқа төсіндегі ару Астанамыз жарқырап, жайнай берсін, – деді аудан әкімі.

Мерекелік шараға жиылған көпшілік, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мен мерекеге орай ұйымдастырылған көрмені тамашалап, домбырашылар ансамблі мен “Сейхун” этно-рок ансамблінің керемет өнеріне қанық болды. Сондай-ақ мерекелік шарада жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде өтетін «Ұлылардың Ұлы ісі-ұрпақтардың тынысы» атты көркемөнерпаздар ұжымдарының аймақтық өнер фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері де марапатталды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<