Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды

71

0

Фото: Шиелі ауданы

Бүгін Шиелі ауданында Бала би баба атындағы қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өтетін Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Еліміздің 12 облысынан 200-ден астам жас палуан қатысатын турнирдің салтанатты рәсімінде аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Бала би бабамыздың құрметіне арналып, республикалық деңгейде өтіп жатқан турнир ауданда 13-ші мәрте өткізілуде.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<