Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы сайланды

865

0

Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып сайланды деп хабарлады turkystan.kz.

Қаламгер-журналист Мереке Әбдешұлы Құлкенов 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген (1978). Бірнеше кітаптың авторы. Солардың бірі — Рахымжан Отарбаевпен бірлесіп жазған «Бас» драмасы үшін Мәдениет министрлігі жариялаған «Бәйтерек» республикалық байкауында екінші жүлдеге ие болды (2004 ж.).

1970 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1971 — 1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы баспаханасында баспагердің көмекшісі болды. Университетті бітірген соң бұқаралық ақпарат құралдарында («Қазақстан пионері» газеті, Қазақстан телеарнасы, «Пионер» журналы, Қазақ әдебиеті (газет)) тілшісі;

1993-1997 жылдар аралығында «Жалын» республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы;

1997 жылдан бері «Ана тілі» республикалық газетінің, 2000 жылдан осы уақытқа дейін «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы;

1991 жылдан қазіргі күнге дейін «Өлке» баспасының бас директоры болып еңбек етіп келеді.

«Құрмет» орденімен, ұлттық журналистік сыйлық «Алтын жұлдыз», т.б. бірнеше медальдармен марапатталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<