Қазақстанда 90 жүкті әйел қызылша жұқтырған

1099

0

Сурет: Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 29 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде жүкті әйелдер қызылша жұқтырса, не істеуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылша ауруы жүктілікті жасанды жолмен үзуге негіз бола алмайды, – деді Ажар Ғиният.

«Қызылша ауруы жүктілікті үзудің көрсеткіші болып саналмайды. Ең қорқыныштысы – ұрыққа жұқпалы әсері бар қызамық. Сондықтан бүгінгі күні мұндай көрсеткіштер жоқ. Қызылшамен ауырған барлық жүкті әйел толықтай бақылауда», – деді министр.

Ведомство басшысы атап өткендей, дәрігерлер сәбилердің де, ана өлімінің де алдын алу үшін жағдайы ауыр балаларды да жіті бақылауында ұстауда.

«Бүгінде жүкті әйелдер арасында мұндай ауыр жағдайлар жоқ», – деп сөзін түйіндеді Ажар Ғиният.

29 қарашада Ажар Ғиният қызылшаға қарсы екпе салдыртқысы келетіндерді вакциналау тегін жүргізілетінін мәлімдеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<