2021 жылдың 10 айында елімізде 17 800 интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Интернет-алаяқтық қазіргі таңдағы елімізде және бүкіл әлемде орын алып отырған өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекет басшысы осы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында алаяқтық қылмыстарға қарсы нақты шаралар қабылдау керек екенін атап өтті. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әр түрлі амалдарды қолданады. Сол себептен, осындай қылмыстардың саны жылдан жылға көбеюде», – деді ол ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте.
Қанат Нұрмағамбетовтің атап өтуінше, цифрлық технологиялардың дамуы оларды қолдану арқылы жасалатын ұрлықтың артуына алып келді.
«Соңғы уақытта интернет-алаяқтық үлкен қоғамдық резонанс тудырып отыр. Егер 2019 жылы Қазақстанда мұндай қылмыстардың саны 7 700 болса, 2020 жылдың қорытындысында 14 мыңнан асып түсті. Осы жылдың 10 айында өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда олардың саны 80 пайызға артып, 17 800 қылмысқа жетіп отыр», – деді департамент бастығының орынбасары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<