Қазақстанда «суперЦОНдар» ашылады

681

0

Фото: ашық дереккөз

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстанда «суперЦОНдар» ашылатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсетуінің клиенттік тәжірибесі негізінде біз тұрғындардың ХҚО-дан қызмет алған соң БЖЗҚ, коммуналдық кәсіпорындар, әкімдік сияқты басқа да инстанциялардың табалдырығын тоздыратынын түсіндік. Сондықтан азаматтардың барлық мәселесі бір жерде шешілуі үшін осы ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландырғымыз келеді», – деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Қазіргі уақытта министрлік Астана әкімдігімен және Президент Әкімшілігі басшылығымен азаматтарға жайлы әрі сапалы қызмет көрсету үшін біртұтас кеңістік, яғни суперХҚО ашуға уағдаластық жүргізген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<