Мемлекет басшысы «Нашақорлық – заманның дерті, қоғам үшін аса қауіпті. Ол жастардың болашағына балта шабады. Ұлт саулығына қатер төндіреді. Нашақорлық пен есірткі бизнесіндегі әлемдік үрдіс алаңдатарлық сипатқа ие болды. Көптеген елдің үкіметтері аталған проблеманы физикалық және психикалық тәуелділік қана емес, ауқымды қоғамдық, экономикалық және құқықтық құбылыс ретінде қарастыра бастады» деп атап айтқаны белгілі.
Расында қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі есірткіге тәуелділік болып отыр. Адамның тәнін де, жанын да аздырып, ең асыл қасиеттерінен айыратын қауіпті әрекет. Ал біз жастарды осы қауіпті жолдан сақтандыру, оларды өмірдің шынайы құндылықтарын бағалауға шақыру жолында аянып қалмауымыз керек. Адам баласына берілген өмір атты ғажайып сыйдың қадірін танытып, жастарға көп насихат айта жүру әркімнің басты мақсатына айналса, қауіпті дерттің бетін қайтара аламыз.
Өмірді сүйіңіз, өзіңізді қорғаңыз! Есірткіге үйір болмаңыз.
Айару АСЫЛБЕК,
№67 орта мектебінің
7 «А» сынып оқушысы.
Арал ауданы, Қосжар ауылы





