Мемлекет тарапынан ауыл-аймақта тұратын көпбалалы аналарға жеке кґсіп бастауға қолдау бар. Қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие қарастырылған. Білім алып, кґсіптік сауаттылығын арттыра алады. Бұл жағдай ауылдағы ағайынды қуантып тастады. Іске талпынған ґйелдер үшін мұндай мүмкіндіктер отбасының табысын еселеп, аналардың үйде отырып-ақ жұмыс жасауына жол ашты.
Қаржылай қолдаудың игілігін көргендердің бірі – Шолпан Қалиева. Ол Жалағаш ауданы Шәменов ауылында тұрады. Көпбалалы ана «Алтын алқа» иегері. 8 ұл-қызын тәрбиелеп отырған батыр ана 2001 жылы ауылдан азық-түлік дүкенін ашып, кәсіп бастаған Шолпан шаруасы ілгерілеп, ісі оңалған соң, мал шаруашылығына бет бұрды. Кәсібін дөңгеленту үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысты. 2015 жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша 9 процентпен 10 млн теңге несие алды. Бұл қаржыға жергілікті жерден 36 бас жылқы сатып алынды. Қора-жайын ретке келтіріп, қамбар ата тұқымын көбейтті. Жылқылардың басым бөлігі жайылымда, үйірге қосылған. Үйде сауылатын биелер бапталады. Шолпан аптасына бір рет тоғай аралап, малын түгендеп келеді. Шаруашылығын дамытуды көздеген ол уақыт өте келе тағы да мемлекеттің қолдауына жүгінді. Ондағы ойы – мал басын еселеу. Осы мақсатта 2017 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығынан 6 процентпен 4 млн теңге несие алып, ісін ширатты. Қыстың қамын жаз ойлайтын ол қазір жем-шөбін дайындауға кіріскелі отыр.
«Мал баққанға бітеді» деп бекер айтылмаған. Ол тынымсыз еңбектің арқасында тындырымды шаруа атқарды. Балалары да анасына қолғабыс етеді. Берекелі ісі жемісті болғанына көпбалалы ана дән риза. Үй шаруасы мен кәсібін қатар жүргізген Шолпанның әрекеті ауыл тұрғындарына үлгі. Шаруа ендігі жерде мал азығы өндірісін іске асырып, шығын көлемін азайтпақ. Жыл сайын құлындарын жергілікті шаруаларға сатады. Түскен қаржысына кем-кетігін түгендейді.
– Ниет болса, екі қолға бір күрек қашан да табылады. Қазір қол қусырып қарап отыруға болмайды. Балаларымды жеткізу үшін кәсіп бастауыма тура келді. Мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға өз ісін жүргізуге мүмкіндік берді. Қамқорлық танытып, қолдау көрсетті. Соның арқасында төменгі процентпен несие алып, шаруашылық құрдым. Шаруамызды осы тірліктен бастаған соң, атакәсіпке адал болуға әркез талпынып келемін, – дейді кәсіпкер.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында ешкімге алақан жаймай, кәсіп бастаған Шолпанның тың жоспары көп. Енді ол мал бордақылау ісін қолға алмақ.
Сара АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<