Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері

655

0

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі-заң) атқарушылық іс жүргізудің сапасын жақсарту жолымен азаматтардың құқықтарын қорғау мен уақытылы іске асыруды, атап айтқанда әлеуметтік маңызы бар істер санаттары бойынша қамтамасыз етуге, аса назар аударылады. Қабылданған түзетулермен жеке сот орындаушыларының алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу туралы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттарды орындауының басымдығы бекітілді. Жекелеген мәселелер соттардың ведомстволық бағыныстылығынан алынып тасталды және өзге де мемлекеттік органдарға беріліп, Жеке сот орындаушысының  ұсынысы бойынша борышкерге іздеу салуға санкция беру прокуратура органдарына берілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік еңбек инспекторының жалақыны төлеу туралы ұйғарымына атқарушылық құжат мәртебесі беріледі. Бұл шара құқықтарын жұмыс беруші бұзған азаматтарға жалақыны өндіріп алу мәселелерін тез шешуге, сотқа жұмсалатын уақыты мен сот шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалақы бойынша берешекті өндіріп алу атқарушылық құжат күші бар мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымы негізінде сотқа жүгінбей жүзеге асырылатын болады. Заңның 33-бабында сот орындаушысының борышкерлердің елден шығуына шектеу қою құқығы міндетке ауыстырылып, сот орындаушысы атқару құжатын іс жүргізуге қабылдағаннан кейін борышкердің елден шығуын шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті.

Бұл ретте шығуға тыйым салу борышкерге тиісінше хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін ғана қолданылады. Борышкердің шетелге шығуын шектейтін қарыздың ең төменгі шегі 20 айлық есепті көрсеткіштен (АЕК) 40 айлық есептік көрсеткішке дейін (АЕК) дейін ұлғайтылып, сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде шығуға уақытша шектеуді алып тастау мерзімі белгіленді. Жеке тұлғалардан сот орындаушысының ұсынысы бойынша сот өндіріп алатын өсімақы мөлшері (борышкер талаптарды орындамаған жағдайда) 5-тен 2 АЕК-ке дейін азайтылып, оның шекті мөлшері 360 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 900 АЕК белгіленді.

Заңның 99-бабында сот орындаушысының алимент бойынша берешекті тоқсан сайынғы негізде анықтау туралы қаулы шығару және осы қаулыны танысу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптарына үш жұмыс күні ішінде жіберу міндеті белгіленген. Бұл ретте, мүгедек болып табылатын борышкерлер үшін ай сайынғы төлемдер мен алимент бойынша берешек олардың ай сайынғы еңбекақысынан және өзге де кірістерінен, ал егер олар жұмыс істемесе – алатын жәрдемақылардан анықталатын болады. Заңның 118-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЖСО қызметіне ақы төлеу атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы атқару құжаттары бойынша ЖСО қызметіне ақы төлеу өндіріп алушы мен борышкерге тең үлесте жүктелген. Сондай-ақ, талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқару құжаттары бойынша Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу тәртібі қайта қаралды. Осылайша, енді талап қоюды қамтамасыз ету туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхат берген тараптан ақы төлеу жүргізілетін болады.

Егер талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығарылса, онда жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхат мәлімдеген және талап қоюдан бас тартылған тұлғадан ақы төлеуді жүргізеді. Талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы атқарушылық құжат бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өзіне қатысты қамтамасыз ету шаралары қабылданған тұлғадан өндіріп алынады.

Н.Тасырова,

Әділет департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<