Қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру сәтті жүзеге асуда

467

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті халыққа сапалы әрі қолайлы қызмет көрсету және сервистік процесстерді жетілдіру мен қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру жұмыстарын ұдайы түрде жүргізеді.

Бұл ретте басты ұстаным – әрбір қызмет алушыға сапалы көмек көрсетіп, заң аясында іс-қимыл жасау. Департамент тарапынан қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру сәтті жүзеге асуда.

Мәселен, департаментке мемлекеттік қызмет көрсетуден Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) тарапынан бірнеше рет негізсіз бас тарту фактісі бойынша азаматша А.Есболовадан шағым түсті.

Аталған шағымдызерделеу аясында департамент тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде бөліммен «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тартылғаны анықталды. 

Тексеру нәтижесімен, департамент тарапынан енгізілген нұсқама негізінде қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, өтініші бойынша жерге орналастыру жобасы бекітіліп ұсынылды.

Атап өту керек, кәсіби мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіші – мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына тікелей байланысты.

Сондықтан да департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуына ықпал жасап, заң шеңберінде көзделген міндеттерді орындауға әрдайым мүдделі.

Д.Тлепбаева,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қызылорда облысы бойынша

департаментінің бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<